24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Астана балғындарына арналған жазғы курс басталды

Астана балғындарына арналған жазғы курс басталды

Бүгін Астана мешіттерінде жазғы балалар курсы басталды.

Айта кетейік, былтырғы курста «Нұр Астана» және «Әзірет Сұлтан» мешітінде 400-ге жуық балғындар дәстүрлі дін құндылықтарынан нәр алған болатын. Жылдан жылға дәстүрлі сауат ашу курсына балаларын жетектеген ата-аналар саны да артып келеді. Осыған байланысты «Нұр Астана» орталық мешітіндегі биылғы курс екі ауысыммен өткізілетін болды.

Қасиетті Рамазан айына дейін жоспарланған аталмыш курс 7-15 жас аралығындағы балаларға арналған. Осы уақыт ішінде балалар Құран оқуды үйреніп, Ислам негіздері туралы тұщымды, танымдық ақпараттармен қанығады.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі