24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Наиб мүфти жұмада жамағатпен жүздесті (фото)

Наиб мүфти жұмада жамағатпен жүздесті (фото)

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров жұма намазына қатысып, жамағатпен жүздесті.

«Уақып – сарқылмас қазына» тақырыбында жұма уағызын жүргізген Ершат Ағыбайұлы уақып ұғымының Ислам дініндегі орнына кеңінен тоқталды.

Уағыз барысында уақып мәселесінде Ислам шариғаты заң жағынан жан-жақты зерттеліп, қалыпқа түскендігімен ерекшеленетінін, уақыптың көптеген мақсаттары мен түрлерін, қоғамда атқаратын ролін атап өтті. Уақыптың үш түрі: қайырымдылық уақып, діни уақып және ұрпаққа арналған уақыптың бір-бірінен айырмашылықтары жамағатқа толығырақ айтылды.

Насихат соңында наиб мүфти жамағатты өзгелерге көмектесуге, адамдарға жәрдемші болуға шақырды. Алла Тағала баршаларымызды қоғамға пайдалы етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-ниеттерімізді қабыл болуына арнайы дұға жасады.

200522 JumaUagyzy 2

200522 JumaUagyzy 3

200522 JumaUagyzy 4

200522 JumaUagyzy 5

ummet.kz