«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Мұсылманның білуі тиіс 40 парыз» кітабы негізінде зияткерлік білім сайысы ұйымдастырылды.
Астана қаласы мешіттерінің шәкірттері арасында өткен білім додасына барлығы 30 шәкірт қатысып, діни білімдері мен ізденістерін сынға салды. Сайыс барысында қатысушылар кітапта қамтылған мұсылман баласы білуі тиіс негізгі діни міндеттер мен құндылықтарға қатысты сауалдарға жауап беріп, білім деңгейлерін көрсетті.
Білім сайысына «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмуд Қасым, «Нұр-Сұлтан» мешітінің наиб имамы Оразов Әділхан және «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет қазылық жасап, шәкірттердің білімін саралады.
Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орын – Жомарт Абдулкарим
«Ас-Салам» мешітінің шәкірті – 100 000 теңге
ІІ орын – Қали Дастан
«Ырыскелді қажы» мешітінің шәкірті – 70 000 теңге
ІІІ орын – Азим Мейрамбек
«Нұр-Сұлтан» мешітінің шәкірті – 50 000 теңге
Жүлдегерлер арнайы марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Бұл сайыс шәкірттер үшін өте пайдалы әрі тағылымды болды. Қатысушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, білмегенін үйреніп, білгенін бекітуге мүмкіндік алды. Білім додасы шәкірттердің ізденіске деген ынтасын арттырып, діни білімді тереңірек меңгеруге жігерлендірді. Осындай игі сайыстардың жиі ұйымдастырылуы – білімге құштар, саналы ұрпақ тәрбиелеуге қосылған маңызды үлес.











ummet.kz