Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ең жас шәкірттеріне лайықты құрмет көрсетілді.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде кім Құран оқып, соған сай іс-әрекет етсе, Қиямет күні Алла Тағала оның ата-анасына тәж кигізеді...» деген хадисі бар. Ата-анамызға Қиямет күні тәж кигізгеннен басқа қандай бақыт болуы мүмкін?!
Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы өсиетіне амал етіп, күн сайын мешітке келіп, Құран оқып, жаттап жүрген жас шәкірттерді мешіттің бас имамы Нұрлан Бекболатұлы арнайы марапаттады.
Қасиетті Құранның 1 парасын толық жаттаған бес үздік ең жас шәкіртке мешіт атынан сертификат және арнайы әзірленген сыйлықтар табысталды.
Марапаттау шарасында «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің бас имамы Нұрлан Бекболатұлы жас шәкірттерге «Құран жаттаудың сауабы» жайында көркем насихат айтып, мешіт шәкірттеріне Құран жаттау жолында сәттілік тіледі.















ummet.kz