10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Бесін 12:25
Шам 20:33
Құптан 22:24

Медресе-колледждерде мемлекеттік емтихан басталды

Медресе-колледждерде мемлекеттік емтихан басталды

18-22 маусым күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медресе- колледждерде мемлекеттік қортынды емтихан өтеді.  

Қазіргі таңда елордадағы «Астана» және Ақтөбе өңіріндегі «Ақтөбе» медресе-колледжінде емтихан басталды. Шәкірттерге ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл мен бөлім маманы Жаңабай Қожин сәттілік тіледі.

Айта кетейік, биыл Діни басқармаға қарасты 9 медресе-колледжді 434 түлек бітіреді. Оның 289-ы ер, 145-і қыз бала. Бітіруші түлектердің 210-ы бұйрық алып қызметке орналасуда, сондай-ақ өзге де түлектер «Нұр-Мүбарак» университеті мен «Хусамуддин ас-Сығанақи» институтына түсуді жоспарлап отыр.