09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Маңғыстау: Шырақшыларға «Qamqor-Sharapat» қызметі түсіндірілді

Маңғыстау: Шырақшыларға «Qamqor-Sharapat» қызметі түсіндірілді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Білім – сарқылмас қазына» атты семинарына қатысушыларға «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысы түсіндірілді.

Іс-шара барысында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей бастамасымен жаңадан ашылған салттық қызмет көрсету жұмысымен айналысатын «Qamqor-Sharapat» орталығының қызметі туралы айтып, осы мекеменің Маңғыстау облысы бойынша жауапты өкілі Мұхамбет Исағалиұлын таныстырды.

Мұхамбет Исағалиұлы «Qamqor-Sharapat» салттық мекемесінің қызметі туралы айтып өтіп, жаназа және жерлеу рәсіміндерінде бірізділікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.