09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

ҚМДБ Төрағасы Әл-Фараби атындағы кітапхана жұмысымен танысты (фото)

ҚМДБ Төрағасы Әл-Фараби атындағы кітапхана жұмысымен танысты (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған сапарында әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебеп кітапхана жұмысымен танысты.

Кітапхана ішін аралап, тарихи құнды жәдігерлермен және ұжымның жұмысымен танысқан Бас мүфти қызметкерлерге кәде-сыйын табыстап, игі тілегін жеткізді.

Айта кетсек, бүгінде әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебеп кітапхана халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Кітапхана қорында 400 мыңнан астам кітап бар. Сонымен қатар 6546 еңбектің электронды нұсқасы бар. Оқырмандар саны 18 мыңнан асатын кітапханада 96 қызметкер еңбек етуде.