09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Бесін 12:07
Шам 17:40
Құптан 19:06

Қарағанды: Зағип жандарға ауызашар берілді

Қарағанды: Зағип жандарға ауызашар берілді

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен зағип жандарға ауызашар берілді.

Мүмкіндігі шектеулі және зағип жандарға арналған рухани іс-шара барысында қырық адамға азық-түлік үлестірілді.

Игі істің басы қасында жүріп, сауапты істің жүзеге асуына мұрындық болған «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Мұхит Жаримбетов шара барысында жиналған қауымға насихат айтып, Рамазан айымен құттықтады.