14 Қыркүйек 2026, Дүйсенбі 4 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:42
Бесін 12:15
Екінті 16:36
Шам 18:36
Құптан 20:06

ҚМДБ Төрағасы мүфтилер алқасында арнайы баяндама жасады

ҚМДБ Төрағасы мүфтилер алқасында арнайы баяндама жасады

Бүгін Әзербайжан астанасы Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы жанынан құрылған Мүфтилер алқасының жетінші мәжілісі өтті.


Алқалы жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, арнайы баяндама жасады.

«Баршаңызды Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының кезекті отырысында көргеніме қуаныштымын. Алла Тағала бүгінгі басқосуымызды берекелі, мұсылман үмбеті үшін пайдалы еткей.

Бүгінгі таңда әлемнің көптеген аймағында діни сауатсыздық пен ақпараттың бақылаусыз таралуы қоғамда түрлі түсініспеушіліктер туындатып отыр. Әсіресе әлеуметтік желілерде діни білімді жүйелі түрде алмаған адамдардың өзгелерге ауыр айыптар тағуы жиілеп барады. Мұндай үрдіс мұсылман қоғамының бірлігіне үлкен қауіп төндіреді. Бұл ретте мұндай мәселеге дер кезінде үн қатып, діни тұрғыдан мәлімдеме жасап, ортақ ұстанымдарымызды жариялап отыру аса маңызды. Бұл ретте Түркі мемлекеттері ұйымы жанынан құрылған Мүфтилер алқасының маңызды талқылау алаңына айналғаны құптарлық іс» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.