11 Қараша 2026, Сәрсенбі 1 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:48
Күн 07:19
Бесін 12:03
Екінті 14:49
Шам 16:37

ҚМДБ Қажылық миссиясы HOLIDAY INN BAKKAH компаниясымен келісімге қол қойды

ҚМДБ Қажылық миссиясы HOLIDAY INN BAKKAH компаниясымен келісімге қол қойды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен ҚМДБ Қажылық миссиясы Сауд Арабиясы Корольдігінде өтіп жатқан VI халықаралық қажылық конференциясы мен көрмесіне қатысуда. 


Халықаралық іс-шара аясында ҚМДБ Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Ермек Мұқатай, Бас мүфти кеңесшісі Ерлан Жұмажанұлы мен Қажылық бөлімінің меңгерушісі Ерболат Жүсіпов «Holiday Inn Bakkah» қажыларға қызмет көрсетуші компаниясының бас директоры Рабиғ Надрамен кездесті.

Жиын барысында қос тарап өзара келісімшартқа қол қойды. Бұл келісім қажыларға сапалы қызмет көрсету бойынша екіжақты байланысты дамытуға мүмкіндік береді.