09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Сауд Арабиясы дәстүрлі дінге оралады

Сауд Арабиясы дәстүрлі дінге оралады

Сауд Арабиясы радикализмнің алдын алу үшін саяси қайта құрылымдау реформасын қолға алады. Мұрагер ханзада әрі елдің қорғаныс министрі, вице-премьер Мұхаммед бин Салманның өзі дәстүрлі Исламға оралатындарын жария етті.

Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты.«Біз бұрынғы қалпымызға қайта ораламыз – дәстүрлі исламға. Біз экстремистік идеяға тағы 30 жылымызды сарп етпейтін боламыз, біз оны жоямыз»,  – деп мәлімдеді ол. Айта кетейік, 1992 жылы қабылданған конституцияға (осы елдің негізгі низамы) сәйкес Сауд арабиясының діні – Ислам, конституциясы – Құран мен Сүннет болып бекітілген.