24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Пилотсыз ұшатын таксилер қолданысқа шығады

Пилотсыз ұшатын таксилер қолданысқа шығады

2 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ингушетия астанасы Магаста 2020 жылында пилотсыз ұшатын такси шығады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.  

Бұл жайында қала мэрі Беслан Цечоев 30 тамыз күні жариялады. «2020 жылы Магаста жаңа заманауи көлік – пилотсыз ұшатын такси шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл әрі инновациялық, әрі экологиялық тұрғыдан зиянсыз, әрі қауіпсіз көлік 2015 жылы әзірленген, күнімізде кезең-кезеңмен орындалып келе жатқан «Ақылды қала» концепциясының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылады», - деп жазған ол такси туристік және рекреациялық кластерді дамытудың бір жолы екенін атап өтті.

«Бұл жоба басқаларына қарағанда көп уақыт пен қуатты қажет еттіреді, дегенмен жұмыс жүріп жатыр», - деді Беслан Цечоев.

Айта кетейік, осы күндері Магас қаласында  ресейліктер үшін үйреншікті емес велокэб көліктері қолданылуда.