09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Бесін 12:07
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Нигерияда «қара жұма» терминін қолдануға тыйым салды

Нигерияда «қара жұма» терминін қолдануға тыйым салды

30 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Құқық қорғау орындарының айтуынша «қара жұма» термині мұсылмандарды жәбірлегенмен тең. Өйткені, жұма - мұсылмандар үшін қасиетті күн.

Нигерияның солтүстігінде орналасқан Кано штатының ислам полициясы «БАҚ пен сауда-саттық орындары «қара жұма» терминін қолданбасын» деп ескерту жариялағаны жайлы ақпаратты BBC хабарлады.

Құқық қорғау орындарының айтуынша «қара жұма» термині мұсылмандарды жәбірлегенмен тең. Өйткені, жұма - мұсылмандар үшін қасиетті күн.

Cool FM радиостанциясына жіберілген хаттардың бірінде: «Назар аударыңыздар, полиция қандай да болсын азғырушы әрекеттер мен тәртіпбұзушылыққа жол бермес үшін және елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау үшін үнемі жаныңызда қадағалап жүреді», - делінген.

Дегенмен, BBC бұл ескерту бұзылған жағдайда қандай жаза қолданылатыны белгісіз екендігін атап өтті.