09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Мекке кіші қажылыққа барлық елден келушілерді қабылдайды

Мекке кіші қажылыққа барлық елден келушілерді қабылдайды

27 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі 1-қарашадан бастап Кіші қажылыққа келетін шетелдіктерді қабылдау ережелерін белгіледі, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Сауд Арабиясына шетелден әр апта шамамен 10 000-ға жуық кісі кіші қажылығын өтеуге келеді. Жергілікті Денсаулық министрлігінің талабы бойынша тек 18-50 жас аралығындағы шетелдіктерге нәпіл ғибадатын өтеуге рұқсат етіледі. Олардың жанында COVID-19 вирусынан таза екенін растайтын ПТР сынағының нәтижесі көрсетілген сертификат болуы керек. Ұшудан ең көп дегенде 72 сағат алдын берілген сертификаттар ғана жарамды болып саналады.

Сондай-ақ, бүгін Saudia авиакомпаниясы 33 бағытта жұмысын қайта жаңартты, көбі COVID-19 вирусының алдын-алу шараларын сәтті жүргізген «жасыл аймақ» елдері.

 

Аударған Индира Жұмабекқызы.