10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Әл-Харам мен Мина жазығын байланыстыратын жол салынады

Әл-Харам мен Мина жазығын байланыстыратын жол салынады

Сауд Арабиясында қажылық мәселесіне арналған жұмыс жиынында Меккедегі Әл-Харам мешіті мен Минадағы шатырлы қалашық аралығын жалғайтын қосымша жол салу жайы талқыланды.

Жиынға 45 мемлекет пен жеке ведомствоның 130-ға жуық маманы қатысты. Семинарда сонымен қатар Мина жазығындағы барлық шатырды желдеткіш жабдықтармен қамтамасыз ету және отқа қарсы дәстүрлі шатырлар орнату немесе тұрақты шатыр тігу мүмкіндіктері қамтылды.

Сондай-ақ, теміржол стансаларымен байланыстыратын жолдар салу және қажыларды аптапты ыстықтан қажыларды қорғау үшін Жамарат көпірін тұрғызу туралы ұсыныстар айтылды.

ummet.kz-ақпарат