10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Бішкекте ежелгі Құранның алтын көшірмесі көрсетілді (ФОТО)

Бішкекте ежелгі Құранның алтын көшірмесі көрсетілді (ФОТО)

Қырғыз астанасында «Мәңгілік мұра көрмесі» атауымен ежелгі мұралар көрмесі ашылды. Көрмеде республиканың отызға жуық суретшілерінің туындылары таныстырылды.

Ал, көрме Мәскеу монета сарайы зергер шеберлері жасаған қасиетті Құранның алтын және күміспен әспеттелген үзінділерімен ерекшеленді. Бұл жәдігерлер Бішкек қаласына үш күнге ғана әкелінген, деп жазады 24.kg.

Көрмедегі «Алтын Құран» – VIII ғасырда жазылған үшінші халиф Осман Зуннурайн кезеңіндегі Құранның дәлме-дәл көшірмесі. Мәтін 999 пробалы алтын беттерге қашалған. Бұл өнер туындысының әлемде өзге нұсқасы жоқ және адамзат өміріндегі теңдессіз мәдени жәдігер саналады.

«Күміс Құран» 4 беттік туынды ретінде ұсынылған. Оны 2010 жылы әзірлеген.

Kirr2

ummet.kz-ақпарат