09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Бас мүфти Қырғыз Республикасының президентімен кездесті (ФОТО)

Бас мүфти Қырғыз Республикасының президентімен кездесті (ФОТО)

15 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz - Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте өткен "Рухани Жібек жолы" халықаралық конференцияға қатысқан Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Эстония елдерінің Бас мүфтилерін қабылдады, деп  хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Кездесуде қырғыз басшысы "Рухани Жібек жолы" халықаралық конференцияның маңыздылығын атап өтті.

"Бір мезетте бірнеше елдің Бас мүфтилерінің келуі - біздің мемлекетіміздің қоғамдық, мәдени һəм рухани өмірінде елеулі оқиға", - деді Сооронбай Жээнбеков.

Басқосуда дін қайраткерлері арнайы қабылдау жасаған қырғыз басшысына шынайы алғысы мен ризашылығын білдіріп, 2019 жылы "Рухани Жібек жолы" конференциясы Қазақстанда өтетінін жеткізді.