09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

АҚШ-та мұсылман қыздар қауымдастығы құрылды

АҚШ-та мұсылман қыздар қауымдастығы құрылды

АҚШ-тың  жоғары оқу орындарының бірінде елдегі бірінші мұсылман қыздар қауымдастығы пайда болды.  

Daily Texan Online мәлімдеуінше, енді Техас  университетінде  «Мю дельта альфа» мұсылман-қыздар қауымдастығы құрылған. Жуырда университетте қыздар қауымдастығының бірінші құрылтай сессиясы өткен.  Онда қауымдастықтың мақсаты мен алдағы уақытта атқарылар жұмыстар жөнінде келіскен  – кәсіптік бағдар және Құран үйрену бойынша семинарлар туралы сөз қозғалған. «Мю дельта альфа» қауымдастығының негізін қалаушы Самира Мэддокстың айтуынша,  қауымдастық мүшелері ислам қағидаларынан ауытқымайтын және көшбасшы болуға ниеттенуде. «Мұсылман қыз-келіншектері көптеген шектеулерге кездесіп жүреді және де олардың ұқсауға тырысатындай қолжетімді үлгілері жоқ. Бірақ, негізінде, айтса адам сенбейтін мұсылман қыз-келіншектер бар, бізге тек  олармен байланыс орнату қажет» дейді қауымдастық белсенділерінің бірі Мария Хасим.