09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Бесін 12:07
Екінті 15:48
Құптан 19:06

Қағбаға қарап «құлшылық» еткен тау

Қағбаға қарап «құлшылық» еткен тау

Интернет қолданушыларының бірі Судан мемлекетінің шығыс аймағында орналасқан сәждедегі адам бейнесіне ұқсайтын кіші-гірім таудың суретін жариялады.

Фотографты таң қалдырғаны – «сәждедегі» таудың Қағбаға, яки мұсылмандардың құбыласына дәл бағытта орналасуы.

Желі қолданушысының айтуынша, ерекше тау Судан мемлекетінің әл-Бахр әл-Ахмар (Қызыл теңіз) провинциясында, Хайя қаласына жақын маңда, Әбу Самр теміржол стансасының шығысынан 8 шақырым жерде орналасқан.

E-Islam.kz