09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Сауалнама: Британ мұсылмандары терроризмге қарсы

Сауалнама: Британ мұсылмандары терроризмге қарсы

Ұлыбританияда жүргізілген ауқымды сауалнама барысында британ мұсылмандарының 94%-ы ДАИШ террористік ұйымының ислам дінімен еш байланысы жоқтығын, сондай-ақ ұйымның ешқандай да ислам мемлекеті еместігін мәлімдеді.

Жалпы, британ мұсылмандарының барлығы дерлік адам өміріне қауіп төндіру – заңға да, дінге де қайшы екенін жеткізіп, ислам діні адамдарды сенімі, ұлты мен нәсіліне қарай бөліп-жармастан тең әділеттілік орнатып, мейірімділікті насихаттайтынын атап кетті.

Айта кету керек, сауалнама Ұлыбританияда тұратын 150-ге жуық жоғары қызметтегі абыройлы мұсылмандар арасында жүргізілді. Бұл қатарда имамдар, ғалымдар мен заңгерлер, журналистер мен блогерлер бар.

Респонденттердің 97%-ы ислам діні «Жаратушының адамзатқа түсірген соңғы хақ діні әрі Оған тең келетін ешбір жаратушы жоқ, Ол – жалғыз» деген пікірге тоқталды. 

ummet.kz-ақпарат