10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Дубай көшелері «Рамазан тоңазытқыштарымен» толығады

Дубай көшелері «Рамазан тоңазытқыштарымен» толығады

«Рамазан тоңазытқыштары» - Дубайда іске асырылатын жаңа қайырымдылық шарасы.

Біріккен араб әмірлігінің ірі қалаларында арнайы тоңазытқыштар орнатылады. Онда кез келген адам коммуналды қызмет жұмысшыларына, полицейлерге, қаланы абаттандырушыларға арнап азық-түлік өнімдерін қалдыруына болады. Қоғамдық қызмет өкілдеріне осындай ауызашар ұйымдастырылмақ.

Қазіргі уақытта Дубай қаласында жергілікті халықтың атсалысуымен 41 тоңазытқыш орнатылды. Кейбір жерлерде ыстық тағамдар әзірленіп, ауызашар дастархандары да жайылған. 

ummet.kz-ақпарат