24 Қараша 2026, Сейсенбі 14 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:40
Бесін 12:06
Екінті 14:34
Шам 16:21
Құптан 17:55

Елордада «HALAL EXPO-2022» халықаралық көрмесі өтеді

Елордада «HALAL EXPO-2022» халықаралық көрмесі өтеді

19-20 қазан күндері елордасы Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен халықаралық «HALAL EXPO-2022» көрмесі өтеді. 

Халықаралық көрмеде «QMDB Halal» сертификатын алған отандық және шетелдік кәсіпорындар өз өнімдері мен қызметін ұсынады. Бұл – халал индустриясындағы ең үздік көрме. Келушілердің халал өнімдердің түрлі ассортиментімен таныс болып, аталмыш өнімдерді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға мүмкіндігі бар.

Ауқымды іс-шара елордадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді. Толық ақпаратты + 7 702 273 7518 (Данияр Сафиев) нөміріне хабарласып біле аласыз.