24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

«Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында 909 отбасыға баспана кілті табысталды

«Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында 909 отбасыға баспана кілті табысталды

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Әз-Наурыз – ырыс пен бірлік мерекесі» атты мәдени шара барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында  9 перзент тәрбиелеп отырған отбасыға 909-шы баспана кілтін табыстады.

Сондай-ақ «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында ауыр дертке шалдыққан бала Сағадат Бағдатұлының еміне 1 000 000 теңге көлеміндегі қайырымдылық сертификаты тарту етілді.

Бұдан бөлек, республика бойынша 125 оңалту орталығы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 10 орталықтың емдік дене шынықтыру (ЛФК) кабинеттері толық жаңартылды. Жоба аясында 11-ші оңалту орталығына медициналық құрал-жабдық сертификаты табысталды.

Шара соңында ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев 909-шы баспана иелеріне жаңа үйді таныстырып, қоныс тойларымен құттықтады.