09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Таразда жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

Таразда жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

8 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Бүгін Тараз қаласында жаңа мешіт жамағатқа есігін айқара ашты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Алла үйінің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысты.

Құлшылық үйінің ашылу рəсімінде сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Алла Тағала мешіт салған адамның дəрежесін екі дүниеде де арттырып қояды. Алла үйін тұрғызуға титімдей болсын үлес қосқан пенделер де сауаптан кенде қалмайды. Пайғамбар хадисінде: "Алла Тағала мешіт салған құлына жəннатта сарай тұрғызады", - деген. Аллаға шүкір, егемендік алған жылдардан бастап осындай күмбезді мешіттердің қатары көбейді. Халқымыз: "Азаны бар ауыл азбайды", - деген. Жаңа мешіт Жамбыл облысы жұртшылығының игілігі мен бірлігі үшін, имандылығы мен рухани дамуына қызмет етеді деген сенімдемін. Құлшылық үйі баршамызға құтты болсын", - деп атап өтті.

Салтанатты іс-шара соңында ҚМДБ төрағасы "Нəметбай" мешітінің бас имамына қасиетті Құран кітабын сыйға тартты.

Айта кетейік, жаңа мешітте бір мезетте 800 адам құлшылығын өтей алады.