10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Оқуға түсу үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау керек?

Оқуға түсу үшін ҰБТ-дан қанша балл жинау керек?

15 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қажетті ҰБТ-ның шекті балы белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін:
- ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына кемінде 50 балл;

- «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл;

- «Педагогикалық ғылымдар» бойынша кемінде 70 балл;

- «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласы бойынша кемінде 65 балл жинау қажет.