09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйек күні қоғамдық көлік жүрмейді

Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйек күні қоғамдық көлік жүрмейді

4 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтанда 6 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанның көлік компаниясы жексенбіде автобустар мен автопарктерде дезинфекция жасауды жоспарлап отыр

«Жексенбіде қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», - делінген әкімдіктің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

5 қыркүйекте қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді.

Дүйсенбіден бастап, 7 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді.

Айта кетейік, қоғамдық көлікке медициналық бетперде тағып кіру керек. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.