24 Қараша 2026, Сейсенбі 14 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 06:06
Бесін 12:06
Екінті 14:34
Шам 16:21
Құптан 17:55

Министр «Халық Арнаның» ашылуымен құттықтады

Министр «Халық Арнаның» ашылуымен құттықтады

4 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен «Халық арна» телеарнасының ұжымын Діни басқарманың төл арнасының ашылуымен құттықтады.

«Қоғамда адамзатты ізгілік пен бірлікке бастаушы – өнегелі сөз болса, оны халық назарына жеткізуші – телеарна. Қазақстан халқын, соның ішінде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеуде телеарнаның маңызы өте зор деп білемін. Әсіресе жастардың бойында зайырлы мемлекеттің қағидаттарына сай келетін діни сананы қалыптастыру, сондай-ақ теріс діни ағымдардың арбауынан қорғау мақсатында телеарна қомақты үлес қосып, діни-рухани саладағы жетекші арналардың бірі болады деп сенемін.

Теларнада дәстүрлі дінмен қатар, мәдени танымдық бағыттағы көрсетілімдерге орын берілгені қалың жұртшылықты қуантады. Себебі тарихтан тәлім алған жастарымыз ата-бабалар ұстанған дінді, сан ғасырдан бері сабақтасып келе жатқан салт-дәстүрлерін ардақтап, ерекше құрметтейтін болады. Осы ретте телеарнаның ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін. «Халық арна» жақсылықтың жаршысына айналсын!» деп жазды министр.