23 Қараша 2026, Дүйсенбі 13 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:39
Бесін 12:06
Екінті 14:35
Шам 16:22
Құптан 17:56

ҚР Президенті ауған халқына көңіл айтты

ҚР Президенті ауған халқына көңіл айтты

8 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда болған террорлық актіге байланысты ел президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады. Көңіл айту мәтінінде:  

«Ауғанстан президенті Гани мырзаға және ауған халқына көптеген адамдардың өліміне әкеп соққан Газни қаласындағы террорлық актіге байланысты көңіл айтамын», — делінген.