09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Бесін 12:07
Шам 17:40
Құптан 19:06

«Инабат» клубы қыздар медресесіне қайырымдылық жасады (ФОТО)

«Инабат» клубы қыздар медресесіне қайырымдылық жасады (ФОТО)

6 ақпан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы қыздар медресесіне қайырымдылық жасады, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Әлжан ана» мешіті жанынан ашылған қыздар медресесіне бас мешіт тарапынан біршама азық-түлік жеткізіліп, ілім алып жатқан шәкірттерге қол ұшын берді. 

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Аягөз Абдраманова мен «Инабат» клубы жетекшілері медресе шәкірттеріне ақжарма тілектері мен жылы лебіздерін білдіріп қайтты. 

Басқосу соңында шәкірттерге клуб атынан кітаптар сыйға берілді.

inaba1

inaba2