24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Елорда мешіттеріндегі әйел ұстаздарға құрмет көрсетілді (ФОТО)

Елорда мешіттеріндегі әйел ұстаздарға құрмет көрсетілді (ФОТО)

7 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Жақында өткен Ұстаздар мейрамына орай бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты мешіттердегі әйел ұстаздарға құрмет көрсетіліп, мерекелік марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Шәкірт тәрбиелеп, білім үйретумен қатар, құлшылық ордаларындағы қайырымдылық шараларын жандандырып, уағыз-насихат жұмыстарын да жемісті жүргізіп келе жатқан әйел ұстаздардың еңбегі ескеріліп, өкілдік атынан арнайы «Алғыс хат» табысталды.

Мерекелік шараға арнайы қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов ізгі тілегін білдіріп, Ұстаздар мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ұстаздар мерекесіне орай баршасына арнайы гүл шоқтары мен сыйлықтар тарту етілді.

ustaz1

ustaz1

ustaz1

ustaz1

ustaz1

ustaz1

ustaz1