09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Бесін 12:07
Шам 17:40
Құптан 19:06

Бас мүфти мен вице-министр имамдармен кездесті (ФОТО)

Бас мүфти мен вице-министр имамдармен кездесті (ФОТО)

4 шілде. АСТАНА. Ummet.kz - Бас мүфти мен вице-министр имамдармен кездесті, деп muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Түркістан қаласындағы облыстық этно-мұражайы ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы қала, аудан имамдарымен кездесті.

Кездесу барысында вице-министрі Берік Сақбайұлы еліміздегі діни ахуал туралы баяндап, бірқатар маңызды мәселелер туралы айтып өтті. Вице-министр имамдардың әлеуметтік мәселесі алдағы уақытты кезең-кезеңімен шешілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар жат ағымдармен жұмыс жасауда белсенділік танытуға шақырды.