09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Екі жасар баланың еміне көмек көрсетілді

Екі жасар баланың еміне көмек көрсетілді

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан өкілдікке қарасты "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасына қатысты.

Іс-шара аясында науқас Сағынтайұлы Ғаділбек бүлдіршіннің еміне 400 000 теңге қаржылай көмек берілді. Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Дәділұлы Ғаділбек балақайдың әкесі Сағынтайға қайырымдылық сертификатын табыстап, дертіне шипа тіледі.
Қайырымдылық іске атсалысқан барша жанға Алла разы болсын!