09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Блокпосттардағы 5200 сарбазға азық-түлік жеткізілді

Блокпосттардағы 5200 сарбазға азық-түлік жеткізілді

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің түрлі аймағындағы блокпосттарды күзетіп тұрған сарбаздарға ыстық тамақ пен азық-түліктер таратылды.

«Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Отанымызға қиындық туған сәтте блокпосттарда тұрып, ел тыныштығын күзеткен 5200-ге жуық сарбазға және 1000-нан аса жолда қалған адамдарға ыстық тамақ пен азық-түлік таратылып, қолдау көрсетілді.