09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Алматы: «Киімнің киелісі – кимешек» көрмесі ашылды

Алматы: «Киімнің киелісі – кимешек» көрмесі ашылды

Алматы қаласындағы мемлекеттік орталық музейде 2021 жылдың 24 қыркүйегінде “Киімнің киелісі – кимешек” көрмесі ашылды.

Көрмеде музей қорындағы ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасыр аралығына тән Қазақстанның әр өңірінен жинақталған қазақ әйелдерінің кимешегі мен оны безендіруге арналған зергерлік бұйымдар қойылды.

Соның ішіндегі көнесі – Қарағанды өңірінен алынған 200 жылға жуық тарихы бар кимешек. Кимешек – с. Жалпы кимешектің 16 түрі белгілі, оның 12 түрі Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музей қорында сақталған.

“Көрменің мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің тамырын сақтап, оны дамыта отырып, болашақ ұрпақтың рухани, мәдени кеңестігін, ұлттық сана-сезімін және рухани иммунитетін қалыптастыру. Мемлекеттік орталық музей қорындағы кимешектердің түрлері арқылы көпшілікке кеңінен таныстыру және насихаттау”, – деп көрсетті мемлекеттік орталық музейдің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

дереккөз: sputnik.kz