24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Алматы: Имамдар жаңа қызметке тағайындалды

Алматы: Имамдар жаңа қызметке тағайындалды

 ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы қаласының бірқатар мешітінде тағайындаулар болды.

Қасиетті жұмада Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Медеу аудандық мешітінде «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» тақырыбында жұма уағызын айтып, намаз жүргізді. Бұдан кейін жамағатқа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Бұйрықта: «Данияр Әлиасқарұлы Жұмабаев 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы, Алматы қаласы, Бостандық аудандық «Бәйкен» мешітінің бас имамы қызметінен ауыстырылып, Медеу аудандық «Омар ибн Әл-Хаттаб» мешітіне бас имам  болып тағайындалсын», - делінген.

Дәл сондай Бас мүфти бұйрығымен Медеу аудандық «Омар ибн Әл-Хаттаб» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Асан Әбдіқұлұлы Тілеубердиев Алматы қалалық мешітіне наиб имам қызметіне ауыстырылды.