09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Алматы: Футбол турнирінде ұмраға 5 жолдама берілді

Алматы: Футбол турнирінде ұмраға 5 жолдама берілді

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен дін қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. 

Әуезов ауданы имамдарының ұйымдастыруымен өткен теңбіл доптан сайыс қала бойынша мешіттегі имамдар құрамасынан тұратын 8 команда өзара бақ сынасты. Турнир екі кезеңнен тұрды, топтық кездесулер және плей-офф кезеңі. Салауатты өмір салтын сақтаған сайыпқыран ойыншылар арасындағы бәсекенің әр кезеңі тартысты өтті.

Турнир қортындысы бойынша 1 орын – ұмра қажылығына 5 жолдаманы «Тастақ» командасы қанжығасына байлады. 2 орын – 500 000 теңге қаржылай жүлдені «Елімай» командасы еншіледі. Ал жүлделі 3 орын – 250 000 теңге – «Барыс» командасына бұйырды. 

Жарыста ерекше көзге түскен үздік қақпашы мен үздік шабуылшы да арнайы марапатталды.