10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:06
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Зікір айтудың әдептері

Зікір айтудың әдептері

Алланы «зікір ету» дегеніміз – Оны еске алу сөздерін тілмен айтып жүрекпен сезіну. Алланы еске алатын ұлы сөздерді айтқанда бірнеше әдептерді сақтаған абзал.

Зікір айтудың мынадай әдептері бар:

~ Зікірді дәретпен айту әдеп саналады (дәретсіз айтуға да рұқсат);

~ Зікір айтарда Құбылаға қарап, ықыласпен отыру;

~ Айтылып жатқан зікір сөздеріне мән беру, мағынасын түсінуге тырысу;

~ Зікірді іштей айту. Зікірді мүлдем естілмейтіндей қылып айтуға болмайды. Тіл қозғалып, адам өзі естейтіндей деңгейде айту;

~ Зікір еткенде дүниеден алыстап, ахиретті көбірек ойлау;

~ Зікір айтқанда әурет жердердің жабық болуы;

Зікірді әжетхана мен моншада айтуға болмайды. Одан басқа барлық жерде айта беруге рұқсат.

материал «Ескертуші» кітабынан алынды,

ummet.kz