10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:07
Бесін 12:25
Екінті 17:56
Шам 20:32
Құптан 22:23

«Жақсы мінез бұйырмаса қайтпек керек?»

«Жақсы мінез бұйырмаса қайтпек керек?»

Әйгілі ғұлама, табиғин Абдулла ибн Мубаракка біреу келіп былай деп сұраған екен.

- “Кісіге берілген ең жақсы нәрсе не?”

- “Мол ақыл”.

- “Ақыл берілмесе не болмақ?”

- “Онда жақсы мінез керек” .

- “Жақсы мінез бұйырмаса қайтпек керек?”

- “Кеңес сұрап тұратын жанашыр бауыр керек”.

- “Ондай жанашыр жан табылмаса қайтпек керек?”.

- “Олай болса “ләм-мим деп жақ ашпау” керек”.

- “Ондай қасиет бұйырмаса қайтпек керек?”.

- “Жылдам келер өлім керек”.

Кейде шынымен-ақ “үндемеген үйдей бәледен құтылыпты” деген ақиқат қой.

материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,

ummet.kz