10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:07
Бесін 12:25
Екінті 17:56
Шам 20:32
Құптан 22:23

Түсінде өлген жақынын көріп жылауы нені білдіреді?

Түсінде өлген жақынын көріп жылауы нені білдіреді?

Түсімде інімнің тіріліп келіп, мен оны құшақтап жылап жатыр екенмін. Не болады екен?

Түс жору кітаптарын ақтарып қарағанда, онда «түсінде өлген адам үшін дауыс шығармай, жоқтау айтпай үнсіз жылаған болса, мұнысы бір адамның үйленетіндігінің белгісі» делінген.

Яғни, түсінде мархұм адамды көріп жылау - арты той болатындығын білдіреді екен. Сондай-ақ, "түсінде жылаған адам – өңінде қуанады" деген де жорамал бар. Сондықтан да, түсіңізде мархұм ініңізді көріп жылауыңыз, өңіңізде қуанатындығыңыздың нышаны деген үміттеміз. Ләйім солай болғай!

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz