10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33

Сен бір ауыз сөзбен ғана өзіңді қорға!

Сен бір ауыз сөзбен ғана өзіңді қорға!

Бірде бір кісі келіп Пайғамбарымызға (с.ғ.с):

– Уа, Алла Елшісі! Мені түнде шаян шағып алды, – дейді.

– Кеш батқанда «Алланың кемел сөздерімен Оның жаратқан мақлұқтарының зиянынан Оған сыйынамын» деп айтсаң ешнәрсе зиян бермейтін еді, - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған.

Адам өмірде майданда жүрген сияқты, қай жақтан өзіне соққы келерін білмейді. Таңертең-кешке айтатын зікірлер кісінің күнделікті болатын зиян-кесапаттардан сақтайды. Зікір – сауыт, қалқан сияқты. Майданға сауыт-саймансыз шықпағанымыз сияқты күнделікті зікірлерді де тастамауымыз керек.

Зікір – Алланың қамалы. Оған кірген кесапаттардан аман болады. Өзіңді сақта. Біреулер өзін қорғауға денелілерді жалдап, оққағар ұстайды. Сен бір ауыз сөзбен ғана өзіңді қорға!

материал «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz