20 Қазан 2026, Сейсенбі 9 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:41
Бесін 12:04
Екінті 15:26
Шам 17:17
Құптан 18:43

Мәйітке жаназа оқудың сүннет екендігі

Мәйітке жаназа оқудың сүннет екендігі

Имам Бухари (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мәйітке жаназа оқыса, оған бір қират⁴⁴ сауап тиеді», — деді.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Достарыңа, бауырларыңа өздерің жаназа оқыңдар!», — деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Нажашиге жаназа оқыңдар!», — дегенде, жаназаны «намаз» деп атап: «Оның рукуғ сәжделері болмайды, оны оқып жатқанда (дүниелік сөздер) сөйленбейді, тек қана тәкбір тахрима айтылып, сәлем беріледі», — деген.

Ибн Омар (р.а.) жаназадан бұрын міндетті түрде дәрет алатын және күн шығып немесе батып бара жатқанда жаназа намазын оқымайтын еді. Ибн Омар (р.а.) қолдарын көтеріп тәкбір айтатын. «Сахабалар мен олардың әулеттерінің арасынан сондай кісілерді жолықтырдым», — деді Хасан Басри, — олардан жаназа және парыз намаздарын оқуға хақылысы жаназа уақытында немесе айт намазында дәреттері бұзылып қалса, таяммум қылмай, су іздеп тауып, қайтадан дәрет алатын еді. Егерде жаназа оқып жатқан уақытта келіп қалса, өздері тәкбір тахрима айтып, басқаларға қосылып, жаназа оқи беретін еді», — деді.

Ибн Мусаййаб: «Жаназа намазында мейлі түнде болсын, мейлі күндіз болсын, мейлі тұрғылықты болсын, мейлі мұсәпірлікте болсын, бәрібір төрт рет тәкбір айтады», — деді.

Әнас (р.а.): «Бірінші тәкбір — намазды бастарды айтатын тәкбір тахрима, Алла тағала Құран кәрімінде: «Олардан біреу өлсе, әсте жаназа намазын оқыма!»⁴⁵», — деді. Жаназа намазында адамдар сапқа тұрады, имам болса, алдыға өтіп жаназа оқиды», — деді.

Шағбий (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге бір мүминнің жаназасына барған кісі: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге имамдық қылды. Біз ол кісінің артына сапқа тұрдық», — деп айтты. «Ей Әбу Амр, бұл хадисті саған кім айтты?», — деп Шағбийдан сұрағанда, ол: «Ибн Аббас (р.а.) айтты», — деп жауап берді.

 

⁴⁴ Қират — таудың үлкендігіндей сауап беріледі деген ұғым береді.
⁴⁵ «әт-Тәубә», 84-аят.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz