10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Құптан 22:24

Құранды жаттау оңай, сақтау қиын

Құранды жаттау оңай, сақтау қиын

Əбу Бəкір əл-Уаррақтың кішкентай ұлы бір ұстаздан Құран дəрістерін үйренетін еді.

Бір күні баланың реңі кеткен жəне қалтыраған күйі дəрістерінен ертерек оралды. Əкесінің: "Не болды ұлым? Не себепті ерте оралдың?" - деген сұрағына бала: "Əкешім! Бүгін ұстазым Құраннан бір аят үйретті. Мен оның мағынасын білгенімде қатты қорқып кеттім" - деді де "Музаммил" сүресінің 17-аятын оқып берді: «Бүйтіп күпірлікте табандайтын болсаңдар, жас балалардың өзін шашына ақ түсіріп қартайып жіберетін алапат күннен қалай сақтанбақсыңдар?!»

Бұл аятты терең түсінген балақай тез күнде ауырып, көз жұмды.

Əбу Бəкір əл-Уаррақ перзентінің қабіріне заярат етіп, өзіне:

"Ей, Əбу Бəкір! Балаң Құраннан бір-ақ аятты оқып, Алла Тағаладан қорққан күйі дүниеден өтті. Сен болсаң қаншама уақыттан бері Құран оқисың да, бірақ Алладан осы кішкентай бала қорыққаны секілді қорықпадың" - дейді екен...

материал «Ілімге ғашық адам» кітабынан алынды,

ummet.kz