09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:22
Бесін 12:07
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Ғалымдардың һәм ұстаздардың алдында жамағаттың міндеті

Ғалымдардың һәм ұстаздардың алдында жамағаттың міндеті

Ғалымдардың һәм ұстаздардың алдында жамағаттың міндеті:

  • Ұстаздың алдында кішірею.
  • Ұстаз құрметті, қызметті қаламаса да, ол кісілердің қызметін жарасып қылып, сол арқылы сауап һәм шарапат үміт ету. Исламда жағымпаздық тек ұстаздың алдында ғана рұқсат етілген.
  • Ұстазға шәкірт тәкәппарлануына болмайды. Шәкірттің тәкәппарлығының бір көрінісі – ілімді тек атақты ұстаздардан алуы, солардың кітабын оқуы.
  • Ұстазға әзілдеуден аулақ болу керек. Ұстаздың кішіпейілділігін біліп, кейбір надандар ұстазға орынсыз әзілдеп жатады. Одан кейін қалай ілім қонсын?
  • Ұстаздың алдында жаңбырды өзіне сіңіріп алатын жер секілді болу керек. Сол кезде ол кісіден көп нәрсе аласыз.

Ұстазын құрметтеген ел – құтылады. Құрметсіздік көрсеткендер – тұтылады.

материал «Ихия улумид-дин» кітабынан алынды,

ummet.kz