Тура жолдан айнымай, дінде берік болу үшін оқылатын дұғалар:
1. «Аллаһуммә әрин әл-хаққа…» дұғасын оқу:
Оқылуы: «Аллаһуммә әринәл-хаққа хаққан уә-рзуқнәл-иттибә‘а иләйһ. Уә әринәл-батилә батилән уә-рзуқнәл-ижтинәбә ‘анһ».
Мағынасы: «Уа, Алла! Бізге хақты хақ қылып көрсет және соның артынан ергіз. Терісті теріс қылып көрсет және одан алыс жүруді нәсіп ет».
2. «Аллаһуммә лә тәкилни…» дұғасын оқу:
Оқылуы: «Аллаһуммә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин».
Мағынасы: «Уа, Раббым, мені көзді ашып-жұматындай аз уақытқа да нәпсімнің қолына тастама».
Қасиеті: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) осылай дұға жасап, жалбарынғаны риуаят етілген.⁴⁰⁹
3. «Аллаһуммә йә муқаллиб әл-қулуб…» дұғасын оқу:
Оқылуы: «Аллаһуммә йә муқаллибәл-қулуб, сәббит қалби ‘алә диникә уә та‘атик әл-исләм».
Мағынасы: «Уа, жүректерді өзгертуші Алла! Менің жүрегімді Ислам діні мен Саған бойсұнуда берік қыл».
Қасиеті: Мүминдердің анасы Үммі Сәләмә (р.анһа) Алла Расулының (с.а.у.) ең көп жасаған дұғаларының бірі осы дұға екенін айтады.⁴¹¹
4. Мұғаздың (р.а.) дұғасын оқу:
Оқылуы: «Аллаһуммә ә‘инни ‘алә зикрикә уә шукрикә уә хусни ‘ибәдәтик».
Мағынасы: «Уа, Алла, Сені зікір етуде, Саған шүкір етуде және Саған жақсылап құлшылық қылуда маған көмектесе көр».
Қасиеті: Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұғазға (р.а.) әр намаздың соңынан осы дұғаны оқуды өсиет еткен.⁴¹³
5. Тура жолдан айырылмау үшін:
Оқылуы: «Раббәнә лә тузиғ қулубәнә бә‘дә из һәдәйтәнә уә һәб ләнә мил-ләдункә рахмән. Иннәкә әнтәл-уәһһәб».
Мағынасы: «Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқыта көрме. Бізге Өз тарапыңнан мейірім төккейcің! Шүбәсіз, Сен мол сый-сияпатқа бөлеушісің». ("Али Имран" сүресі, 8-аят.)
Қасиеті: Өмірінің соңына дейін тура жолдан адаспау үшін осы аятты дұға ниетімен әрдайым оқып жүру қажет.
6. Ақиданы дұрыстау үшін:
Ақидасын дұрыстап, күмәннан арылу үшін сәуір жаңбырына төмендегілер оқылады:
70 рет Салауат шәріп
70 рет "Фатиха" сүресі
70 рет "Аят ул-курсі"
70 рет Ләқад жә’әкум… (Тәубә сүресінің соңғы екі аяты)
1 рет "Ясин" сүресі
70 "Кәфирун" сүресі
70 "Ықылас" сүресі
70 "Фалақ" сүресі
70 "Нас" сүресі
70 Тәсбих дұғасы
70 Салауат шәріп
Әр жетпістен кейін «һу» деп суға дем салады. Жеті күн таңертең аш қарынға ішеді.
123 рет "Ясин" сүресі оқып, әр мубинде суға «һу» деп дем салып, сол судан ішетін болса, міндетті түрде пайдасын көреді.
7. Кез келген бір тілек үшін:
29 рет "Фатиха" сүресі, 29 рет "Али Имран" сүресінің 154-аяты, 1 рет "Ясин" сүресі және 29 рет "Фәтх" сүресінің соңғы аяты оқылады.
материал «Пайғамбарымызды (с.ғ.с) танисыз ба?» кітабынан алынды,
ummet.kz