20
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Ахлақи міндет: Рухымыз алдындағы міндеттеріміз

Ахлақи міндет: Рухымыз алдындағы міндеттеріміз

Ислам тарихы

 Рухымыз алдындағы міндеттеріміз:

а) Рухымызды негізсіз, жалған сенімдерден тазарту;

ә) Дұрыс әрі берік сенім орнықтыру;

б) Дұрыс әрі пайдалы біліммен қаруландыру;

в) Жаман ойлар мен жағымсыз мінез-құлықтардан тазарту;

г) Жақсы ойлар мен тамаша мінез-құлықтарға баулу;

Рухымызды мына жаман мінез-құлықтардан тазартуымыз керек:

Дұшпандық, ашу, басқаларды қызғану, өтірік айту, сөзінде тұрмау, екі жүзділік, ұятсыздық, құрметсіздік, тәрбиесіздік, мейірімсіздік, қорқақтық, жалқаулық, сараңдық, менмендік, зұлымдық, әділетсіздік, аманатқа қиянат жасау, сабырсыздық, дөрекілік, жүрегі қатты болу т.б.

Жанымызға мынадай тамаша мінез-құлықтарды серік ету керек:

Достық, мейірімділік, шыншылдық, батылдық, еңбекқорлық, сабырлылық, ұят, үлкендерге құрмет, адамдарды жақсы көру, сөзінде тұру, нәзіктік, жұмсақ мінезді болу, әділеттілік, әдептілік, тәрбиелілік, кешірімшіл болу, кішіпейілділік, ашуын жеңу, тіліне ие болу, адамдарға және тіршілік иелеріне жанашырлық таныту.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: