09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Зекетін өтемегендердің дүниеде тартатын азабы

Зекетін өтемегендердің дүниеде тартатын азабы

Зекетті өтемегендер бұл дүниеде жоқшылық пен аштыққа кіріптар болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл турасында былай дейді:

ما منع قوم الزكاة إلا ابتلاهم الله بالسنين

«Зекет бермеген қауымдарды Алла Тағала міндетті түрде жоқшылық пен аштыққа ұшыратады.» [1]

Басқа бір хадисінде былай дейді:

وَلَمْ يَمْنَعُوا زَكَاةَ أَمْوَالِهِمْ إِلا مُنِعُوا ‏الْقَطْرَ‏ ‏مِنْ السَّمَاءِ وَلَوْلا الْبَهَائِمُ لَمْ يُمْطَرُوا

«...Байлықтарының зекетін бермесе, аспаннан тамшы да тамбайды, егер жан-жануар болмағанда, жаңбыр да жаумас еді...»[2] Яғни Алла Тағала жер бетіндегі тіршілік иелеріне мейірімі түскендіктен ғана жаңбыр жауғызады. Бірақ бұл жаңбырдың дүниеде байлыққа мастанып, Алланың үкімінен бет бұрғандар үшін ешқандай берекеті болмайды.

 

 

[1] Табарани 5/26

[2] Ибн Мажә 4019