09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Жолаушы міндетті түрде аузын ашуы керек пе?

Жолаушы міндетті түрде аузын ашуы керек пе?

Жаратушы Иеміз Алла Тағала ораза кезінде пенделеріне кейбір жағдайда ораза ұстамауға рұқсат еткен.

Сол рұқсаттардың бірі - жол жүргенде ораза ұстамау.  Бұл дегеніміз: ауызы берік адам өзінің тұрақты жерінен ең кемі 85-90 шақырым ұзақтықтағы жерге жолға ниеттеніп шықса, ол кісіге ораза ұстамауына рұқсат етіледі. Бірақ – міндет емес. Яғни, кімде кімнің жолаушы кезінде оразаға қауқары жетсе, аузын ашқаннан гөрі оразасын жалғастыра бергені абзал. Ендеше, сіз де: «жол жөнекей ораза ұстауға күшім жетеді», - десеңіз ауызыңызды ашпағаныңыз дұрыс.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz