09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Жас балаларға ораза ұстау міндет пе?

Жас балаларға ораза ұстау міндет пе?

Балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: 

«Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан»[1].

Алайда балаларды құлшылыққа баулу мақсатында ораза ұстатқызу – мұстахап. Хадисте: «Біз балаларымызға ораза ұстатқызып, оларға жүннен ойыншық жасап қоятынбыз. Егер біреуі тамақ сұрап жыласа, ауыз ашар уақыты келгенше (ермек қылып отырсын деп) сол ойыншықты беретінбіз»[2] делінеді. 

[1] Термизи, №1423. Нәсәи, №7346. Ахмад, №956.

[2] Бұхари, №1960. Муслим, №1136.

 

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz