10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Зекет және пітір садақаны өзінің мұқтаж туыстарына берсе бола ма?

Зекет және пітір садақаны өзінің мұқтаж туыстарына берсе бола ма?

Жалпы зекет пен пітір садақаны өзінің атаанасына, ата-әжесіне, балаларына, немерелеріне және жұбайына бере алмайды.

Мұқтаж болған бауырларына, туған-туыстарына беруіне болады. Тіпті ең әуелі бауырларына, туыстарына берсе екі есе сауап алады. Хадисте: «Кедейлерге берілген садақа – бір садақа. Ал туысқандарға берілген садақа – екі садақа. Біріншісі садақа болса, екіншісі туысқанға жасаған жақсылық», – делінген.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz