09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Сәресін ерте ішіп қоюға бола ма?

Сәресін ерте ішіп қоюға бола ма?

Ораза ұстаушыға сәресін таң намазына жақындатып ішу және аузын тездетіп ашқан сүннет болып саналады (Асғад Мухаммад Сағид әс-Сағуржи, «әс-Сәум», 23).

Зайд ибн Сәбиттен жеткен хадисте былай делінеді: «Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге сәресін ішіп болған соң, намазға тұратын едік» («Сунәну әт-Термизи», 2/104).

Тағы бір хадисте: «Адамдар ауыз ашуға асыққан сайын әрдайым жақсылықта болады» («Сунәну әт-Термизи», 2/103), – делінген.

Сондықтан сәресін таң намазының уақытына жақындатып ішу әрі ауызды күн батқаннан кейін тездетіп ашқан дұрыс.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz